Құрметті құрылысшылар! Қадірлі құрылыс саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрылыс индустриясы — экономиканың негізгі іргетасы. Әрбір елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрғыда ілгері басуы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Себебі, ол — қоғамдық өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі. Сондықтан, құрылысшы — құрметті де мәртебелі мамандық.
Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының деңгейі — өңір экономикасының өркен жайып келе жатқанының айқын айғағы. Өңір тұрғындарының сұранысы мен тілегі бақылаудан бір сәт те тысқары қалып көрген емес. Қазіргі таңда жекелеген тұрғындар да жер телімдерін алып, тұрғын үй тұрғызуға күш салуда. Мұның бәрі ауданда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетінін көрсетеді.
Құрылыс саласының қарқынды дамуының тағы бір жарқын дәлелі — аудан орталығында салынған көпқабатты үйлер. Сонымен қатар, Жезді, Қарсақбай кенттерінде жаңадан спорт-сауықтыру кешендерінің бой көтеруі. Мәдениет және білім ошақтарының күрделі жөндеуден өткізілуі. Сол себепті, құрылысшыларға төл мерекесі қарсаңында дән ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жемісті еңбек пен бақыт тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.