Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметшінің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш. Мемлекеттік басқарусыз кез келген қоғамның бірлігі бекемделіп, әлеуеті артып, тұрақты дамудың даңғыл жолына түсуі мүмкін емес. Осыдан-ақ мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мол, ауыр да абыройлы міндет екенін айқын аңғаруға болады.
Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет ету – әр азаматтың парызы. Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетіп, ел ертеңінің еңселі болуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі орасан зор екені сөзсіз.
Өңірдің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген аудандағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақ-береке тілейміз!
Еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.