Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!

Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тəуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалуы, елдігіміздің айғағы, азаттық пен еркіндіктің символы. Осы жылдар ішінде еліміз талай белестерді бағындырып, халықаралық аренада беделді мемлекетке айналды.
Ұлытау өңірі де тəуелсіздік жылдары қарқынды дамып, ел игілігі жолында көптеген табыстарға жетті. Бұл жетістіктер – баршамыздың ауызбіршілігіміз бен еңбегіміздің нəтижесі. Ауданымызда тəуелсіздік жылдарынан бері əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай жақсарып, заманауи инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырды. Сонымен қатар, мəдени жəне тарихи мұраларды сақтау мен дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Осы айтулы мерекеде əр шаңыраққа амандық, құт-береке, баянды бақыт тілейміз. Тəуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Елдігіміз мəңгі, бірлігіміз бекем болғай!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.