Құрметті  аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Уақыт өткен сайын Нұр-Сұлтан қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл ел халқының асыға күтетін мерекесіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне үлес қосты. Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды. Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады» деген болатын.

Бүгінгі Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық деңгейдегі бейбітшілікті сақтаудың ордасына айналды.

Мерейлі сәтте ауданның барлық тұрғындарын шынайы пейілмен тағы бір мәрте құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасына амандық, елімізге бірлік пен береке тілейміз.

 

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.