Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді ұлы мұрамызды ұлықтайтын – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Ұлттық мəдениетімізді əлемге танытуға қасиетті қара домбырамыздың қосар үлесі зор. Себебі, домбыра – қазақтың жаны, тарихы, салт-дəстүрі, бүкіл бітім-болмысы десек, Құрманғазы мен Дəулеткерейдің, Тəттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мəдениетіміздің бірегей үлгілері. Сондықтан, домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға.
Расында, тарихы сонау Кетбұға күйшіден бастау алатын күй тек қазаққа ғана тəн, ерекше өнер. Ботасы өлген нарды идірген де, талай тентекті тезге салған да осы күй құдіреті! Құндылығымыз артып, ел жүрегінен қоңыр күйімен орын таба білген домбырамыздың қашанда мəртебесі биік болып, əрбір қара шаңырақтың төрінен табылып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіре берсін!
Баршаңызды тағы да Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз.
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.