Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қастерлі де ұлық мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мереке исламның рухани қазынасы саналатын кең пейіл, жақсылық пен адалдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді асыл құндылықтарды дәріптейді.
Ізгілікке бастайтын Рамазан айында жасаған жақсылығымыз, игі істеріміз жаңару, жаңғыру жолындағы еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз.
Осынау шуақты мерекеде әрбір шаңы­рақ­қа зор денсаулық, баянды бақыт, кетпес дәулет, Алланың аман­ды­ғы мен береке тілейміз. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.