Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы – егемен елді бақытты болашаққа бастайтын даңғыл жолдың берік іргетасы, болашақ табыстар мен алға қойған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі! Конституция күні – айтулы мереке. Мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.
Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастарды реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнының жоғарылауына ықпал жасап отыр.
Еліміз Конституциялық қағиданы берік ұстану арқылы заңнаманың қызмет аясын кеңейтіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді де ырғақты дамуына даңғыл жол ашты. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі Заңының асқақ рухы мен маңызын, оның қалыптасу тарихын жақсы білу керек. Сондықтан, оны ардақтау – әрбір азаматтың асыл парызы.
Сіздерді атаулы мерекемен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.