Құрметті аудан спортшылары! Қадірлі сала мамандары мен ардагерлері!
Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық пен сергектік мерекесі. Халық даналығында «Тəні саудың – жаны сау» деп бекер айтылмаса керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денешынықтыру мен спортты дамыту – еліміздегі маңызды міндеттердің бірі.
Біздің ауданда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мəн беріліп, жыл өткен сайын спорт нысандарының жүйесі кеңейе түсуде. Осынау аса маңызды игі үрдіс үзіліссіз жалғасын таба беруі тиіс.
Көңілге қуаныш ұялатар жайттың бірі – мектептер мен спорт үйірмелерінде денешынықтырумен шұғылданушылар санының уақыт санап арта түсуі. Қазіргі таңда түрлі жас деңгейіндегі аудан спортшыларының республикалық, өңіраралық жəне облыстық сайыстарда спорттың əр түрінен жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға қол жеткізуі қалыпты құбылысқа айналды. Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да аудан мерейін өсіріп, даңқын асыру мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тəжірибелерін аянбай жұмсарына күмəнсіз сенеміз.
Орайлы сəтте баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақбереке тілейміз. Қазақ елінің, оның ішінде, Ұлт ұясы атанған Ұлытаудың спорт саласындағы жетістіктері ұлғая берсін! Жеңісті əрі жемісті күндеріміз көп болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.