Құрметті аудан спортшылары! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық, сергектік мерекесі. Халық даналығында «Тəні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Салауатты өмір салты, денешынықтыру мен спортты дамыту – еліміздегі маңызды міндеттердің бірі.

Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мəн беріліп, спорт кешендерінің жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде денешынықтырумен шұғылданушылар саны артып келеді.

Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан орталығында жаңа стадион салынды. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарсақбай кентінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жезді кентінде де осындай спорт кешені бой көтеруде. Бұл нысандар ауданның спорт саласының дамуына оң септігін тигізері сөзсіз.

Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да аудан мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тəжірибелерін аян бай жұмсарына күмəнсіз сенеміз.

Баршаңызға амандық, зор денсау лық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.

Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!

Жеңісті əрі жемісті күндеріміз көп болсын!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының əкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мəслихаттың хатшысы