Референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге жұмсалады

АЭС салуға қатысты референдумның дайындық жұмыстарына 35 күн уақыт белгіленді. Сайлаушылар тізімін түгендеу басталған және алдағы уақытта тұрғындар дауыс беретін учаскелер бойынша ақпарат беріледі. 12 қыркүйекке дейін азаматтар референдум комиссиялары орналасатын орындардан хабардар болады.

Дауыс беру 6 қазан таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Референдум қорытындысы 7 күн ішінде жарияланады.

Референдум учаскелерінің жалпы саны — 10 327. Оның ішінде 78-сі Қазақстан аумағанын тыс жерде, яғни әлемнің 63 елінде.

1 шілдедегі жағдай бойынша 12 млн 176 мың 968 азамат дауыс бере алады.