Рамазан айына 30 күн қалды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді.
Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түнге түсіп тұр.
Ораза айт 30 наурыз басталып, 3 күнге созылады.
Құрбан айт 6 маусымнан 8 маусымға дейін белгіленген.