Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.