Президент әскерге шақыру тәртібіне елеулі өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
Әскерге шақыртылған азаматтар не істеуі тиіс?
Әскерге шақырылушы шақырту алған бойда әскери комиссариатқа келуге міндетті. Ол мына жағдайларға қатысты болуы мүмкін:
– медициналық тексеру;
– қосымша тексеру;
– шақыру комиссиясының отырысы;
– әскерге жөнелту немесе бөлім таңдау.
Шақырту қалай келеді?
– SMS немесе eGov арқылы;
– Шақырту кемінде 3 күн бұрын келуі керек;
– Егер eGov-та тіркелмеген немесе телефон нөмірі болмаса — қағаз нұсқасы пошта не қызметкер арқылы жеткізіледі;
– Тұрақты не уақытша мекенжайына, немесе жұмыс орнына жіберіледі.
Қағаз шақырту қалай тапсырылады?
– Қол қойғызып, жеке тапсырылады;
– Оны военкомат қызметкері, жұмыс беруші не курьер жеткізеді;
– Егер шақыртудан бас тартса — бұл тіркеліп, азамат ресми түрде хабарланған деп есептеледі.
Кейде шақырту военкоматтың өзінде беріледі.
– Шақырту военкоматта да берілуі мүмкін;
– Бұл жағдайда келесі күні келу керек.