Президент «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?» деген сұраққа жауап берді

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі кадр саясаты мәселесіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, желідегі «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?» деген сыни пікірге қатысты да жауап берді.

«Қоғамда қызу талқыланып жатқан тағы бір мәселеге тоқталсам. Бұл – кадр саясаты. Әділетті Қазақстанды құру кадрлардың орнын ауыстыра беру деген сөз емес. Өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, отаншыл азаматтар қашанда бағалы. Мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір кланның мүшесі ретінде қарауға болмайды. Әрине, олардың құрамын жаңартып отырған дұрыс. Бірақ, мұны терең ойланып, байыппен жасау қажет. Кадрларды жаппай жұмыстан шығару жақсылыққа апармайды. Әлеуметтік желіде «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?» дейтіндер бар. Бұл – орынды сұрақ. Бірақ, негізінен кадрларды біртіндеп ауыстыру керек»