Президент: Біз мәселенің салдарымен емес, себебімен күресуіміз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деді.

Біз қылмыстық жазалау саясатында бас бостандығынан айырудан гөрі, балама жаза түрлеріне басымдық беруге мән беріп отырмыз. Бұл пробация қызметінің маңызын арттырады.

Сондықтан әкімдер осы сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, материалдық-техникалық базаны нығайтуы тиіс. Сонымен қатар цифрлық шешімдерді белсенді енгізу қажет.

Жалпы, біз мәселенің салдарымен емес, себебімен күресуіміз керек. Қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты – тек жазалау емес, адасқан адамға түзелуге мүмкіндік беру. Заң да, сот та – әділ болуға тиіс. Бұл – мызғымас қағида.