ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН ЖАУЫНГЕРЛІК ТУ ТАПСЫРЫЛДЫ  

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов өңірімізге арнайы келіп, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен кездесті. Кездесу барысында облыстағы аумақтық қорғаныс саласындағы жұмыс барысын талқылады.

Арнайы жұмыс сапары барысында Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Ұлытау облысының аумақтық бригадасына Мемлекет басшысының атынан Жауынгерлік Ту табыс етті. Сонымен қатар, бригада командирі Бауыржан Әбеновке ҚР Президентінің грамотасын оқып берді.

Салтанатты рәсім барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков әскерилерді құттықтап, Жауынгерлік Туды тапсыру – әрқашан асқан жауапкершілік пен зор мақтаныш екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ұлытау облысының аумақтық  бригадасы 2022 жылы құрылған. Сол уақыттан бері аумақтық бригаданың материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи талапқа сәйкес әскери жабдықтармен қамтамасыз етіліп келеді.