Полиция қызметінің жаңа тәсілі
Ішкі істер органдары жұмысының сервистік моделі бірізділікпен жүзеге асырылуда. Қазақстандық полиция қызметкерлері отансүйгіштік пен адалдықты, ашықтық пен әрқашан адамдарға көмекке келуге дайын болуды бойына сіңіруге ұмтылады.
Бұл модель қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Сервистік модельдің басты мақсаты – полицияның қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған сәйкес, полиция қызметкерлері өз жұмысын сервистік тәсілге негіздеп, халықтың сұраныстарын қанағаттандыруға, азаматтардың мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге тырысады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мен этикалық нормаларды сақтауы да баса назарға алынған. Бұл тұрғыда қызметкерлердің тұрақты түрде қайта даярлықтан өтуі және заманауи технологияларды қолдану да маңызды рөл атқарады. Қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері адам құқықтарын қорғау, азаматтардың мүдделерін ескеру және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса отырып жұмыс істеу міндетін ұстанады.
Ғазиз УСКЕНБАЕВ,
зейнеткер.