Партияларға – тең мүмкіндік
Президенттің, мемлекеттік қызметшілердің партиялардың басшылық органдарында болмауының заңмен міндеттелуі.
«Саяси партиялардың арасында әділ бәсекелестік болуы керек. Мемлекет әлдебір партияға артықшылық бермеуі тиіс». Дұрыс -ақ. Ал, бірақ, нақты іс жүзінде қалай болды? Төрағасы ел Президенті болып табылатын партияның жергілікті филиалдарын да сол территориялық бөліністегі әкімдер басқаратын. Халық атқарушы билік пен билік партиясының аражігін ажырата алмай қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өз міндетін атқаруы кезінде ешқандай партияға мүше болмауы жөнінде бастама көтеріп, «AMANAT» партиясының төрағасы болудан өз еркімен бас тартты. Ол саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін мұнымен ғана шектеліп қалмады. «Президенттің, мемлекеттік қызметшілердің партялардың басшылық органдарында болмауын» заңмен бекітуді ұсынды. Қазір бұл талап заңдық нормаға айналды.
Билік партиясының барлық деңгейінде жаңа заң талабы бойынша қайта сайлаулар өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер басшылықтан шеттетілді. Осылайша, еліміздегі көзделген саяси реформалардың тағы бір бағыты нақты іс жүзіне асты.
Абдолла Дастанов,
Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы