«Орта державалар – саясаттағы өзгеріске бейім басты ойыншылар»: Euronews Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады
Сингапурға мемлекеттік сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы дәріс оқып, осы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталған еді.
– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері иелік ететін вето құқығы көбіне жаһандық дағдарыстарға қарсы оңтайлы ұжымдық шешімдерге кедергі келтіреді. Соның салдарынан мәселе шешілмей, біржақты сценарийлерге әкеп соғатын кездер аз емес. Өз кезегінде бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді ортақ шешім шығаруда қиындық тудырып, халықаралық институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді.
Осы орайда, Қазақстан сияқты орта державалардың өз аймағында және одан тыс жерлерде де тұрақтылық, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуде әлеуеті артып келе жатыр. Біздің өзгеріске бейімділігіміз күрделі дипломатиялық тығырықтан шығуға, мәмілеге келуге және татуласуға жол ашуға мүмкіндік береді, – делінген Қ.Тоқаевтың Euronews басылымында жарияланған мақаласында.