Онкологияның алдын ал!
28 наурыз, сенбі күні Қазақстанның барлық өңірлерінде Онкологияның алдын алу бойынша Бірыңғай ашық есік күні өтеді.

Білікті онколог-дәрігерлер Сіздерді
тегін қабылдап, кеңес береді (жолдама да, алдын ала жазылу да қажет емес).
Ерекше назар аударылатын аурулар:
• жатыр мойны обыры
• тоқ ішек обыры
• бүйрек ісіктері
Іс-шара барысында:
• аурудың алдын алу жолдары түсіндіріледі
• алғашқы белгілер жайлы ақпарат беріледі
• заманауи диагностика мен емдеу тәсілдері таныстырылады
Өзіңізбен бірге жеке куәлік ала келіңіз.
Іс-шараның мақсаты — дертті ерте анықтап, дер кезінде ем қабылдауға мүмкіндік беру.
