Олжас Бектенов: Барлық күмәнді және тиімсіз жәрдемақыларды 1 желтоқсанға дейін алып тастау қажет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әлеуметтік қолдау жүйесін қайта қарау қажеттігін айтты.

Үкімет басшысы Еңбек министрлігіне тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктермен бірлесе отырып, 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлер үшін бірыңғай әлеуметтік қолдау стандартын әзірлеуді тапсырды.

Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақыларды алып тастау керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтаймыз және масылдық психологиясына жол бермейміз. Үкіметтің міндеті – баршаға тең жағдай жасау, ал азаматтар еңбек етіп, өз отбасын қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс

– деді Бектенов.