Олжас Бектенов: Балалардың судағы қауіпсіздігі үшін патрульдер санын көбейту қажет

Премьер-Министрдің айтуынша, өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарды патрульдеу жүргізу жұмыстарын күшейтуі тиіс. Жыл сайын су айдындарында суға кеткендердің үштен бірі – балалар. 

«Өткен аптаның өзінде елордада өзенді жүзіп өтемін деп, жасөспірім қаза тапты. Қызылордада Балаларды қорғау күнінде бірден екі бала суға кеткен. Түркістан облысында суару каналында екі бала көз жұмды. Каспий теңізінде қараусыз қалған екі жасар бала суға батып кетті», — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов өңірлердегі осындай оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Жүргізілетін патрульдеу санын көбейту қажет. Полиция және төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері балалардың су айдындарының маңында ересектердің қарауынсыз жүру фактілерінің жолын кесу керек», — деп атап өтті Премьер-Министр.