Облыс орталығының Бас жоспары аясында жобалық шешімдер талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазгипроград» ЖШС жобалау институтының өкілдерімен кездесті. Жұмыс кеңесінде Жезқазған қаласының бас жоспар жобасы шеңберінде негізгі сызбаның эскизін әзірлеу барысы талқыланды.
«Қазгипроград» ЖШС жобалау институтының өкілдері облыс әкіміне алдағы Жезқазғанның алдағы 15 жылға арналған қала құрылысын дамытудың негізгі жобалық шешімдерін ортаға салды.
Кездесуде Берік Әдіғалиұлы эскиз әзірлеушілерге жаңа облыстық театрдың орналасуын қайта қарауды, тұрғын үй аумақтарын жобалау кезінде қабаттардың ыңғайлылығына мән беруді, мемлекеттік кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу шеңберінде ИИДМ жанындағы Құрылыс істері комитетімен жұмыс бастауды, су қорғау аймағында орналасқан қолданыстағы зиратты жабу туралы ұсынысты қарастыруды, нормалар бойынша қажетті қаланы көгалдандыруды ұсынуды, Экспедиция ауданында жол «эстакадасын» қарастыруды, Сәтбаев қаласы бағытында жол бойындағы кәсіпкерлік жасау мүмкіндіктерін қарастыруды, Жезқазған қаласынан оңтүстік-батыс бағытта жаңа индустриялық аймақ ескерілуі қажеттігін тапсырды.