Облыс орталығында сауда, ойын-сауық кешені салынуда
Ұлытау облысының орталығында 4 қабатты сауда, ойын-сауық орталығы бар заманауи кешен салу жобасы қолға алынды. Қазір құрылыстың жерін дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Жоба «Ұлытау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы ауданы 23 000 шаршы метр болады, оның 13 000 шаршы метрі жалға берілмек.
Сауда орталықтың ішінде азық-түлік базары, тұрмыстық техника, сауда галереясы, спорт тауарлары, балалар тауарлары, фудкорт, кафе, кинотеатр жəне балаларға арналған ойын-сауық орталығы болады. Бұлардың бəрін əр қабатта орналастыру жоспарланған.
Заманауи кешеннің жерасты автотұрағы барлық келушіге ыңғайлы тұрақ қамтамасыз етеді. Жоба аясында 120 уақытша жəне тұрақты жұмыс орындары ашылады. Құрылыс мерзімі – 18 ай.
Аманкелді АҚШАЛ.