Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Дастан Адайұлы Рыспеков – 21 тамыз 2023 жылдан бастап Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген.

Еңбек жолы:

2006 жылдан бастап Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2015 жылдың қазан айынан бастап Республика бюджетін атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде талдау және есептілік бөлімі жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының менгерушісі;
2016 жылдың маусым айынан бастап «Астана экспо-2017» Ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді;
2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.