Наурыз мейрамы жаңа тұжырымдама негізінде атап өтіледі
Ұлытау ауданының əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалымен кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Жиынға аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ, аудан əкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары жəне ЗУМ платформасы арқылы кент, ауыл əкімдері қатысты. Күн тəртібінде Наурыз мейрамын атап өту іс-шарасы туралы, Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру жөнінде жəне 2024 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мəселелер қаралды.
Кеңейтілген аппарат мəжілісін бастамас бұрын мектеп ауласындағы оқыс жағдайға байланысты ерлік көрсеткен ауылымыздың азаматтары Байбол Едіге Дүйсенбекұлын жəне Алпысбай Ғабитбек Əмірханұлын аудан əкімі Алғыс хатпен марапаттады.
Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша аудан əкімінің орынбасары Алмат Сакипов аудан бойынша мерекелік іс-шаралар жоспарымен таныстырып, жоспарланған ауқымды шараларға жеке-жеке тоқталып өтті. Күн тəртібіндегі келесі мəселе бойынша Ұлытау ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Мұханбетов хабарлама жасап, Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру міндеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.
2024 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алуда атқарылған жұмыстар жөнінде аудан əкімінің орынбасары Аян Абжамалов хабарлама жасап, қазіргі уақытта тиісті деңгейде қар тазалау жұмыстарының атқарылғанын, ендігі кезекте суағарларды тазарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Жиын соңында аудан басшысы бөлім басшылары мен кент, ауыл əкімдеріне күн тəртібінде көтерілген мəселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.