НӘЗІКЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әр салада жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымын салтанатты түрде қабылдады. Аталған іс-шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов қатысты.

⠀
Салтанатты қабылдауға әлеуметтік және білім саласының ардагерлері, экономика, денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласының мамандары, көпбалалы аналар және кәсіпкер әйелдер шақырылды.

⠀
Аудан басшысы қабылдауға келген нәзікжандыларды алдымен мерекемен құттықтады. Қабылдау барысында әйелдер қауымы өз салалары жайында әңгіме өрбітіп, ізгі тілектерін арнап, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Салтанатты іс-шарада шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

⠀
Қабылдау соңында кездесуге қатысқан жандарға құттықтау хат, гүл шоғы және естелік сыйлықтар табысталды.⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
