Нұржан Орынбаев «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Нұржан Серікұлы Орынбаев, 42 жаста. Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінің тумасы.
Үш жоғары білімі бар. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Әр жылдары Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы әкімдіктерінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданында әкім орынбасары болған.
2021 жылдан бастап Қарағанды облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Үйленген, 1 баласы бар.