Музей-қорық тізгіні – жаңа басшыда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директорының міндетін атқарушы болып Нұрлан Жолаушыұлы ҚАСЫМБЕКОВ тағайындалды.

Нұрлан Жолаушыұлы 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Ұлытау аудандық киножүйесі мекемесінің киномеханигі болып бастаған.

– 1987-1989 жылдары – Кеңес армиясы қатарында міндетті азаматтық борышын өтеген;

– 1989-1999 жылдары Ұлытау аудандық киножүйесі мекемесінің инженері-аға киномеханигі;

– 2002-2004 жылдары – Ұлытау аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы;

– 2004-2008 жылдары – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №21 орта мектебінің аға тәлімгер-психологы.

– 2008-2011 жылдары – «Қазақ ақпарат» ҰК АҚ кіші редактор, редактор және аға редактор;

2011 жылдың шілдесінен бастап, тағайындалғанға дейін Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Оразақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.