Мереке Мырзабекова «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Мереке Батырбекқызы Мырзабекова, 47 жаста. Ұлытау селосында туған.
Екі жоғары білімі бар, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде, білім беру саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 3 баласы бар