«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының қалалық/аудандық кезеңіне құжат қабылдау жүріп жатыр

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

Төмендегі отбасылар конкурсқа қатыса алмайды:
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
✅1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
✅2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
✅3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
✅4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
✅5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
✅6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
✅7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
✅ 8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсына құжаттар 2023 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Ұлытау облысының қалалық/аудандық әкімдіктерінің ішкі саясат бөліміндерімен қабылданады.