«Мен – мемлекетшіл адаммын»
Мемлекет басшысы «Сіз кімсіз?» деген сұраққа жауап берді.

«Саналы ғұмырым темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс істеуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келеді. Мұның бәрі менің мінез-құлқым мен дүниетанымыма өз әсерін тигізді. Сондықтан, «Сіз кімсіз?» деген сипаттағы сауалыңызға қысқаша ғана «мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін», – деді Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында.
