Мемлекеттік қызметкердің этикасы

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметкердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілген.
Этика – адамдар арасындағы қарым-қатынастылықты реттейтін талаптар, өнегелік пен мораль жайындағы ілім.
Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Мемлекеттік қызметкер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі, айнасы деп айтуғада болады. Сондықтан әр-бір мемлекеттік қызметкер, мемлкеттің өсуі – өркендеуі оның жұмысының нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік атқа ие болу және сол атақты абыроймен ұстап өту әр қызметкердің басты мақсаты және міндеті. Тек бірлесіп жұмыс істеу барысында және мемлкеттік қызметкердік этикасын ұстаған жайдайда ғана біз осындай биік дәрежеде көріне аламыз.
Сайып келгенде, Еліміз тәуелсіздік жолында, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде өзекті еліміздің Президенті алға қойылған міндеттерін іске асыру, сондай-ақ елімізді өркендетуге жəне азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Председатель Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям области Ұлытау Маликұлы Н.