Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек туралы: Шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек туралы да айтты.

«Тағы бір мәселе – мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуі. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екені қаншама рет айтылды. Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Бірақ бұл – азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес», – деді Президент.