Мазмұнды әңгіме өрбіді
Ұлытауға қызмет бабындағы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Мақсат РАМАНҚҰЛОВ жұртшылықпен мақсатты кездесу өткізді. Жиынға аудан əкімі Советбек МЕДЕБАЕВ, аудан əкімінің орынбасарлары, еңбек ардагерлері, мəслихат депутаттары мен бөлімдердің басшылары қатысты.
Кездесу барысында Мəжіліс депутаты алдағы саяси науқан – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесіне қатысты мазмұнды əңгіме өрбітті. Нақтылай түссек, Ата Заңның жаңғыртылған нұсқасы мен одан күтілетін тиімді нəтижелер туралы жан-жақты сөз қозғады.
Бұдан кейін Советбек Тұрсынұлы референдумға дайындық аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы жайлы баяндады.
Кездесуге қатысушылар, оның ішінде, ардагерлер қауымының өкілдері Жоғарғы заң шығарушы құзырлы органның өкіліне көңіл төріндегі сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды.
Өз тілшімізден.