Майталмандар – құрмет төрінде
Халқымыздың рухани байлығы ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген аудандағы мəдениет жəне өнер қызметкерлеріне кəсіби мерекесі аясында лайықты сый-құрмет көрсетілді. Аудандық мəдениет үйінде ұйымдастырылған шараға аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ арнайы қатысты. Ашылу салтанатында аудан басшысы мəдениет саласына тер төгіп жүрген жандардың еңбегін айрықша атап өтті.
– Мəдениет пен өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Қай заманда да мəдениет ел іргесі. Мəдениет пен өнерді қолдау – біздің елдің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Қашаннан қазақ жұртына Ұлытау өңірі мəдениет саласындағы құнды əлеуетімен ерекшеленген.
Қазірде сіздердің кəсіби шеберліктеріңіз, шығармашылық талпыныстарыңыз, білім мен біліктіліктеріңіз бүгінгі мəдени мұрамызды сақтай отырып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асырады, – деген аудан əкімі ақжарма тілегінен кейін еңбегі жанғандарды марапаттады.
Ұлытау ауданының Құрмет грамотасына еленгендердің қатарында Шеңбер ауылдық клуб үйінің əдіскері – Зарема Көпеева, Жезді мəдени-сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі – Алма Қадырова, аудандық мəдениет үйінің қызметкері – Гүлжан Тюртебаева, Қарсақбай кенті мəдениет үйінің əдіскері – Гүлзейнеш Елембекова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің əдіскері – Гүлім Баймағанбетова сияқты мамандар бар. Сондай-ақ, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін Сарысу ауылдық клуб үйінің іс-шара ұйымдастырушысы Нұрсұлу Бектасова, Ақтас клуб үйінің музыкалық жетекшісі Нүриден Омаров, Қаракеңгір ауылдық клуб үйінің музыкалық жетекшісі Ұлан Тұрғынбаев, Жезді кенті мəдени-сауықтыру орталығының қызметкері Үміткүл Сейілова, Жезді кенті мəдени-сауықтыру орталығының қызметкері Ақерке Сəдуақасова, Қаракеңгір ауылдық кітапханасының кітапханашысы Рымтай Жұмаділова, аудандық орталықтандырылған кітапханасының библиографы Алма Сəулембекова, Жезді кенті кітапханасының кітапханашысы Мəдина Əли, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің еден жуушысы Мəдина Сыздықова, Егінді ауылдық клуб үйінің күзетшісі Еркеш Айтбаев сынды мəдениет саласында жүргендер салтанатты жиында аудан əкімінің Алғыс хатына иеленді.
Бұдан соң ұлттық өнердің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірнеше мəдениет қызметкерлеріне облыстық мəдениет, тілдерді дамыту жəне архив ісі басқарма басшысының Алғыс хаты тапсырылды. Аталған марапатқа Байқоңыр ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Замира Əлтаева, Мибұлақ ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Туғанай Амантаева, аудандық мəдениет үйінің іс-шара ұйымдастырушысы Самат Баймышев, аудандық мəдениет үйінің музыкалық дыбыс күшейткіш операторы Ғабитбек Алпысбай, аудандық мəдениет үйінің «Ұлытау сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Нұржан Сүйінбай иеленді. Сонымен қатар, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен Қоскөл ауылдық клуб үйінің əдіскері Асыл Досжанова, Терісаққан ауылдық клуб үйінің музыкалық жетекшісі Қуандық Қожадияс, Жезді мəдени-сауықтыру орталығының əдіскері Жанар Кушекова, Алғабас ауылдық клуб үйінің еден жуушысы Перизат Асанова марапатталды. Сөйтіп, мерекелік шарада ауданның мəдениетін өрге өрлеткен рухпен дамудың даңғыл жолында аянбай тер төккен бірқатар мəдениет майталмандары құрмет биігінен көрінді. Сала ардагерлері де құрметке бөленіп, алқызыл гүлге оранды.
Тамаша көңіл-күй сыйлаған кеште таптаурын концерттік бағдарлама ұсынылды. Қаракеңгір клуб үйінің өнерпаздары «Он алты қыз» əнін сахналық көрініспен үндестіріп, көрерменге керемет əсер сыйлады. Сарысу клуб үйінің қызметкерлері үнді халқының əнін шырқап, Үнді еліне саяхат жасау көрінісімен əспеттеу арқылы шараның абырой биігін төмендетпей, одан сайын аспандатып əкетті. Ал, Байқоңыр клуб үйінің əншілері «Аягөз қайда барасың?» əнінің желісімен образға кіріп, сахналық қойылымды тарту етті. Жеке дауыста əн салған жезділік Алма Қадырова, шеңберлік Ибраһим Оразалы да көрерменнің көңілінен тыңдарманның талғамынан шыға білді. Бұл əншілер əн салғанда залды шапалақ үні көміп кетті. Олар орындаған лирикалық əндер де көпшілік қошеметін алды.
Сонымен… Сол күнгі мерекеде құттықтаулармен шырқалған əндер мəдениет пен өнер қызметкерлеріне арналып шара соңы естелік суретке түсумен түйінделді.
Қайрат ЖҰМАБАЙ