Мәулен Әшімбаев бюджетті үнемдеуді Маск пен Трамптан үйренуге кеңес берді
Сенатор Парламент Сенатының Бюджет кодексін талқылауға арналған отырысында осылай деді. Ол бюджетті оңтайландырудың мысалы ретінде Илон Маск мүше болған АҚШ үкіметінің тиімділігі департаментін келтірді.

«АҚШ үкіметі әрбір мемлекеттік органның бюджетін қысқартып, оның тиімділігіне талдау жасап, ысырапшыл шығындарды жоюда. Бұл қандай үнемдеуге әкелетінін көрейік», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар салық реформалары арқылы кірістерді ұлғайтып немесе тепе-теңдікті сақтау үшін шығындарды азайту арқылы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беру керектігін атап өтті.
Ал Америка Құрама Штаттарының баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт USAID-тің қажетсіз шығындарын сынға алды.
