МӘМС МҮМКІНДІКТЕРІ ЖЕЗҚАЗҒАНДА ТӨМЕН ТҮСКЕН БҮЙРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Бүгін Өмірбек Мұқановтың құрметіне арналған шеберлік сабағы аясында Ұлытау облысында нефроптоз диагнозы бар пацинетке алғаш рет лапароскопииялық нефропексия, яғни тіліксіз ота жасалды.
Нефроптоз (бүйректің төмен түсуі) бүректің өз орынан қозғалып, төмен түсуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Қарағанды медициналық университеті жанындағы клиникалының бас урологы, Ph.D профессор Еркебулан Асамидановтың жетекшілігімен отаны Жезқазған қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың урологы Сәбит Атабаев сәтті жасап шықты.
Бұл – 36 жасар келіншектің екінші отасы. Былтыр дәл осы құрамдағы дәрігерлер сол жақ бүйрегін жоғары көтерген.
Отаға дейін дене қызуы жиі көтеріліп, бүйрегі ауырып мазасы әбден қашқан пациенттің қиындықтары артта қалды. Небәрі 1 сағаттың ішінде ақ халаттылар кіші жамбасқа қарай ығысқан оң жақ бүйректің функциясын қалпына келтірді.
Ота жоспарлы түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін жүргізілгенін атап өту керек. Жалпы жыл басынан урология бөлімінде МӘМС аясында бүйрек-несеп жүйесінде кездесетін аурулары бар 200 пациентке ота жасалды.
Бүйректің төмен түсуі кезіндегі оталар енді облыстық көпбейінді аурухананың урология бөлімшесінде ұдайы жасалатын болады. Ол үшін қажетті медициналық қондырғылар мен дәрігерлердің біліктілігі жеткілікті.
Диана ОРАЗАЛИНА.