Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының тұрғындарымен кездеседі
2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 18:30-да Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің Жезқазған қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесуге дейін сағат 17:30-да облыс әкімдігінің басқармалары және орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді.
Кездесу Жезқазған қаласы, Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрында өтеді.
