Ұлытау облысының делегаттары ауыл әйелдерінің V республикалық форумына қатысты  

Бүгін Астанада ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтті. Форум аясында әйелдер кәсіпкерлігіне назар аудара отырып, «Coca-Cola белестерi» әлеуметтік жобасының 10 жылдығы атап өтілді. 2013 жылдан бастап жоба негізінен Қазақстанның ауылдары мен аудандарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен және өз ісін ашуға дайын 60 мыңнан астам әйелді дайындады.

Форумда жыл сайынғы «Coca-Cola белестерi» байқауының тағы 20 жеңімпазының есімі жарияланды, олар 2023 жылы өз бизнесін құруға немесе кеңейтуге 2-ден 4 мың АҚШ долларына дейін грант алады.

Жобаның 10 жылында байқауға 4000-ға жуық кәсіпкер қатысып, 117 әйел жалпы сомасы 390 мың долларға грант жеңіп алды.
Тек 2022 жылы конкурсқа қатысу үшін 369 өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% — ға өсіп отыр. Дәстүрлі түрде Ақмола (өтінімдердің жалпы санының 16%), Алматы (24%) облыстарының әйелдері белсенділік танытты. Тұңғыш рет Түркістан облысының қатысушылары жоғары белсенділікті көрсетті (қатысушылардың жалпы санының 10%).

Жобаға қатысушылар бүкіл ел бойынша ондаған шағын кәсіпорындар ашты, соның арқасында 300-ден астам жұмыс орны құрылды, ал бірнеше жүз қазақстандық отбасы тұрақты табыс пен өзін-өзі танытып, қолға алған ісін жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Біз көптеген жылдар бойы әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін жүйелі түрде жария талқылауға шығарғанымыздың нәтижесінде мемлекет ауылдың үнін тыңдап, «Еңбек» бағдарламасы сияқты даму гранттарын бөле бастады. Бірақ бұл гранттарды игеру үшін үміткерлерге білім мен дағдылар базасы қажет. Бұл тұрғыда «Coca-Cola белестерi» сияқты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік білім беру бағдарламалары болашақ кәсіпкерліктің әлеуетін қалыптастыруда ерекше маңызға ие, — деп сендірді ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ІV, V, VI шақырылымдардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.