Ұлытау облысында тұңғыш мемлекеттік университет ашылады
Ұлытау облысындағы алғашқы мемлекеттік жоғары оқу орны – Ұлытау техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам болып құрылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жазылған. Бұған дейінгі жобада университет шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болатыны жазылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы Ұлттық тестілеу орталығының республикалық мүлкі есебінен қалыптастырылады.
Ұлытау техникалық университеті Жезқазған қаласында ашылады және Ғылым және жоғары білім министрлігіне бағынады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлытау облысына жасаған сапары барысында Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ.
https://egemen.kz/article/345610-ulytau-oblysynda-tunhghysh-memlekettik-universitet-ashylady