Ұлытау облысында «Құрбан айт» қалай аталып өтеді?
Биылғы жылы «Құрбан айт» мерекесі 9-11 шілде өтеді. Ұлытау облысының мешіттерінде Айт намазы сағат 6.30-да оқылады.
Ұлытау облысында бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 7.00-ден басталады. Сондай-ақ, құрбандықты «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн шалуға болады. Мешіттердің аумағында мал сойылмайды.
Мал сою үшін мына орындар белгіленді:
Жезқазған қаласында:
1. Қасапхана №1. ЖК «Мулаков А.Т.», Строительный кенті 1.
2. Қасапхана №2. 1-ші ауыл (ТЭЦ артында), ЖК «Кулжанов Д.Т.»
Сәтбаев қаласында:
1. «Әли» және «Мал-жай» қасапханалары, Промзона.
Қаражал қаласы:
1. КХ «Бастау». Жолқанов көшесі 56 үй.
Жаңаарқа ауданы:
1. Жаңаарқа кенті, К.Абжанов көшесі, 1.
Ұлытау ауданы мен басқа да елді-мекендер, ауылдарда құрбандық малы үй-жайларда сойылады.
Сонымен бірге, облысымыздың барлық мешіттерінде сағат 7.00-ден бастап ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.