ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
Әулиетаудың етегіндегі Рәміздер алаңында Республика күнінің құрметіне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Ұлық мерекеде Ұлытау ауданының төрінде ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.