Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы

2026 жылғы 11 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» 24-137 шақырым аралығында (Сәтбаев қаласынан Ұлытау кентіне дейін)  барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.