Ұлытау облысында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді
Жәрмеңкеге барлығы 289 жұмыссыз қатысты, 73 жұмыс беруші әртүрлі салада 586 бос жұмыс орынын ұсынды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 289 адам жұмыспен қамту орталығының мамандарынан толық кеңес алды, тұрақты жұмыс орындарына 39 адам жолдама алды. Уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде: қоғамдық жұмысқа 7 адам, күміс жас жобасына 5 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам, жастар практикасына 4 адам жіберілді. Кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 6 адам жазылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан Бастау Бизнес оқуына 18 адам жіберілді.
Облыс орталығы Жезқазған қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі халық көп шоғырланған «Мечта» сауда үйі алдында өтті. Ол жерде 200-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.