Ұлытау облысында 50 гид-экскурсовод тағылымдамадан өтті

 Ұлытау облысы бойынша гид-экскурсоводтардың санын арттыру мақсатында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы семинар өткізген болатын. Мамыр айының 22-24 аралығында Жезқазған қаласының «Технология және сервис колледжінде» теориялық және Жошы хан кешені, Домбауыл кесенесінде тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Ал 25-26 мамыр аралығында Ұлытау селосының «Ұлытау сапар орталығында» 1 күн теориялық және Хан ордасында 1 күн практикалық сабақ өткізілді.

Аталмыш іс-шараға жалпы саны 50 адам қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды.