ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНАН 2025 ЖЫЛЫ 800-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ

2025 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдарына Ұлытау облысынан шамамен 800 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған.

Биылғы көктемгі шақыру науқаны аясында 400-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал күзгі шақыру науқанында да осыншама азаматты әскерге жөнелту көзделіп отыр.

Шақыру науқаны ҚР Қорғаныс министрлігінің бекіткен жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Медициналық тексерістен сәтті өткен, денсаулығы жарамды және моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын азаматтар іріктеліп, еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі әскери бөлімдерге аттануда.

Айта кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырылғандар 12 ай ішінде әскери дайындықтан өтіп, кәсіби дағдыларды меңгереді және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.