ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ: Ұтымды қадамдар басталды

Облыс әкімі Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының жағалауын аралады. Болашақта жағалауды халықтың демалысына қолайлы аймаққа айналдыру жоспарланып отыр.
Берік Әбдіғалиұлы облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысовпен бірге Ұлытау ауданының Жезді, Қарсақбай кенттерінде болып, Жездідегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен және ауылдық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аймақ басшысы Қарсақбай кентінде салынған денешынықтыру-сауықтыру кешеніне де ат басын бұрды. Кешенге жеке жылу қазандығын орнату жоспарланып отыр. Облыс басшысы аталған нысандардағы жұмыс сапасына назар аудартып, тиісті құжаттарды рәсімдеу, абаттандыру мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берді.