ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев 1984 жылы 21 қаңтарда туған.

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Сәтбаев қаласы
мәдени-сауық орталығының директоры, Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы;

Энергетика министрлігі цифрландыру және ақпараттандыру басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

Ұлытау облысы құрылғаннан бастап, осы уақытқа дейін Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болған.