Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жыл сайын берілетін «Ular» сыйлығының конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Ұлытау облысы әкімінің жыл сайынғы «Ular» сыйлығын тағайындауға конкурс өткізіледі.

Конкурсқа өз қызметін Ұлытау облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады.

Сыйлық көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, келесі номинациялар бойынша тағайындалады және бір журналиске немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін:

«Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығы – номинация журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін беріледі;

«Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі 15 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының және/немесе құрмет грамоталарының, ерекшелік белгілерінің, Ұлытау облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;

 «Шаңырақ» — этносаралық және конфессияаралық келісім, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы үздік материал үшін берілетін номинация;

«Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» — БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;

«Экономика тақырыбын үздік жарияланы үшін» — номинация кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриялық-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыбын сапалы және кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» – номинация мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, Ұлытау облысының әлеуметтік өмірін жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;

«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» – номинация денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалы және кеңінен жариялағаны, сондай-ақ материалды жариялау мен кәсібиліктің бірегейлігі үшін беріледі;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» — номинация сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл тақырыбын сапалы және кеңінен жариялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғаны тәрбиелеу, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат таратқаны үшін беріледі;

«Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – салауатты өмір салтын насихаттағаны, жоғары адамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлауды насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін берілетін номинация;

«Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» — номинация селолық аудандарды, Ұлытау облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалы әрі кеңінен жариялағаны үшін беріледі;

«Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» — номинация өндіріс тақырыбын, «Еңбек Адамы» туралы сапалы және көлемді жарияланымдары үшін беріледі;

«Мәнер мен атқарымдылық үшін» — техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие видеооператорларға, дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;

«Объектив шебері» — бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.

Сыйлықтар Ұлытау облысы әкімінің  сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі Комиссияның қарауына кандидаттарды  газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистердің өздері, БАҚ қызметкерлері ұсынады.  Ұсынысқа мыналар қоса тіркеледі:

— қысқаша өмірбаян;

— 3 әр түрлі көркем фотосурет;

— 2022 жылғы 20 маусым мен 2023 жылғы 20 маусым аралығындағы ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

Әр түрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, фоторепортаждар, телевизиялық хабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасы қабылданады.

Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс) немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), фотосуреттер және телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – DVD дискілерінде өткізілуі тиіс.

Өмір баяндық ақпарат ulytauqogam20@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінімдер 2023 жылдың 6-20 маусымы аралығында Жезқазған қ., Алаш алаңы, 1, каб. 314 («Қоғамдық даму басқармасы» ММ) мекенжайы бойынша қабылданады.